Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттік жігіттің көлігінен марихуана табылды

Шымкенттік жігіттің көлігінен марихуана табылды
Фото: Polisia.kz

Шымкенттік жігіттің көлігінен марихуана табылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Таңғы 6:00 шамасында Шымкент қаласының Тұран ауданында патрульдік полиция қызметкерлері Lada Priora автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Жүргізуші – 20 жастағы жігіт. Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшыларының назарына скотчпен оралған темекі қорабы ілікті. Жас жігіт қаптаманың ішінде не бар екенін білмейтінін айтып, оны ағасы салып жібергенін жеткізді.

Күмәнді затқа байланысты ол туысына қоңырау шалғанда, телефонның арғы жағындағы ер адам "Лақтырып жібер!" деп бұйрық берді. Тексеру нәтижесінде қораптың ішінен кептірілген марихуана табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында есірткіні жіберген күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша Тұран аудандық полиция басқармасының анықтаушылары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, іс материалдарын сотқа жолдады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді