Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ОТӨ, IT-индустрия, медицина және ғылымды қолдау: Олжас Бектенов Президентке салаларды дамыту жұмыстарының тиімділігі туралы баяндады

ОТӨ, IT-индустрия, медицина және ғылымды қолдау: Олжас Бектенов Президентке салаларды дамыту жұмыстарының тиімділігі туралы баяндады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді, IT-секторды, әлеуметтік сала мен ғылымды қолдау шараларының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы Үкімет негізінен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне басымдық берді. Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде тек қана қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлық позициялардың тізбесі 4,5 мың атауға дейін – яғни, үш есеге ұлғайтылды. Реттелетін сатып алулар аясында отандық кәсіпорындармен жалпы құны 1 трлн теңгеден астам сомаға ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттар жасалды. Бұл көрсеткіш 2,5 есеге өсті.

Өз кезегінде, қазақстандық өндірушілер кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту, өнімнің сапасын және жергілікті өндіріс көлемін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту бойынша міндеттемелер алуда. Мысалы, автомобиль өндірушілердің локализациялауды биыл 30%-ға дейін, ал 2027 жылға қарай 50%-ға дейін арттыру бойынша міндеттемелері белгіленді. Биыл екі ірі автомобиль зауытын, атап айтқанда Қостанай облысы мен Алматы қаласында жалпы өндірістік қуаттары жылына 160 мың автокөлікті құрайтын KIA және мультибрендті зауыттарын іске қосу жоспарланып отыр.

Өткен жылы импорттық тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тарту туралы қабылданған шешімнің нәтижесінде осыған дейін Қазақстанда өз зауыттарын ашқан шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер неғұрлым тиімді жағдайға тап болды. Атап айтқанда, Петропавлдағы Claas неміс концернінің зауытына жасалған тапсырыс көлемі 2 есеге өсті. Басқа да ауылшаруашылығы техникаларын өндірушілер Қазақстанда өндірістерін локализациялауды бастады.

Электровоздар мен локомотивтер өндірісінде Alstom және Wabtec зауыттары елеулі технологиялық жетістіктерге қол жеткізді. Өткен жылы Атырау облысында құны $350 млн, ал жылдық қуаты 6 мың вагонды құрайтын зауыт іске қосылды. Биыл Астанадағы Stadler зауыты алғашқы 50 жолаушылар вагонын шығаруды бастайды.

Бұл ретте отандық өндірушілерді қолдау көміртегі бірліктерінің саудасы сияқты жаңа перспективалы бағыттарға да қолданылады. Осындай бірінші жоба Алматы облысында іске асырылып жатыр, 3 млн түп көшеттің 200 мыңы отырғызылды. Жоба аясында 1 млн-нан астам көміртегі кредиті алынады. Аталған тәжірибе бүкіл ел аумағына таратылатын болады. Бұл ретте осы секілді басқа да жобалар «Таза Қазақстан» кең ауқымды ағартушылық-идеялық платформасының құрамдас бөлігі ретінде саналады. Олжас Бектенов отандық бизнес экологияға деген қамқорлықты өзінің әлеуметтік жауапкершілігінің бір бөлігі ретінде қарастыруы керек екенін атап өтті. Бұл соның ішінде мемлекеттік қолдау шараларына ие болған бизнестің міндеттемелерінде де көзделетін болады.

Жалпы, бүгінгі таңда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар шағын және орта бизнесті өзіне тартатын өнеркәсіптік алаңдарға айналуда, оны қолдау Үкімет жұмысының басымдығы болып қала береді. Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіптік-техникалық білім беру сапасын және техникалық мамандықтардың беделін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сұранысқа ие техникалық мамандар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдікті бағдарламалары іске қосылды.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ауқымды енгізу маңызды бағыт болып саналады. Үкімет әлеуметтік қорғау, экология, төтенше жағдайлар, өнеркәсіп салаларындағы үлкен деректер негізінде шешім қабылдауда жасанды интеллектіні пайдалануға кірісті. Биыл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде виртуалды көмекшіні толыққанды іске қосу жоспарланып отыр. Жасанды интеллектінің алғашқы «KazLLM» тілдік моделі құрылды. Осы жылы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. «AI-Sana» бағдарламасы аясында биыл 100 мың студентке экономиканың түрлі саласына ЖИ енгізу бойынша қолданбалы дағдылар оқытылады. 20 ЖОО базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталды, «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілді.

Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды. Бүгінде онда өнімдерін әлемнің түрлі еліне экспорттайтын 1,6 мыңға жуық IT-компания тіркелген. Сәтті мысалдардың бірі – алақан арқылы пайдаланушыларды анықтауға мүмкіндік беретін Alaqan жүйесі. Жоба 300 мектепте енгізіліп, жақында Үкімет ғимаратында орнатылды. Бірінші жартыжылдықта оны Сауд Арабиясы, Сингапур, Кувейт және тағы басқа 6 елге экспорттау жоспарлануда.

Тағы бір жасанды интеллектіге негізделген стартап – Higgsfield AI мәтіннен бейне жасайды және өңдейді. Жоба $100 млн-ға бағлаланып отыр. Балаларды бағдарламалауға үйрету бойынша Codiplay жобасы қазірдің өзінде әлемнің 13 елінің мектептерінде қолданылады, олардың қатарында Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Қатар және басқалары бар. Сондай-ақ Grand Mobile, CITIX, CEREBRA, OGames, Parqour, ApartX табысты қазақстандық жобалар саналады.

Қазақстанда 217 жайлы және 200 тірек мектептерден тұратын озық мектептер желісі құрылуда. Негізгі міндет – озық тәжірибені тарату арқылы еліміздің барлық жалпы білім беру мектептерінде білім сапасын кезең-кезеңмен теңестіру. Биыл 10 жетекші технологиялық колледж құрылып, олар басқа да кәсіптік білім беру ұйымдары үшін тірек ресурстық орталықтарына айналады.

Елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 23 филиалы жұмыс істеп жатыр, олардың 5-уі өткен жылы ашылды. Биыл тағы 11 филиал ашу жоспарланған. Университеттік ғылымды дамыту және оны коммерцияландыру ісіне назар аударылуда. Сәтбаев университетінде «Қазақмыс» корпорациясының тапсырысы бойынша медицинада, электроникада және басқа да жоғары технологиялық салаларда кеңінен қолданылатын таза селен алудың жаңа әдісі әзірленді. Назарбаев университетінің базасында тірек-қимыл жүйесі зақымданған адамдарды оңалтуға арналған экзоскелет өндірісі белсенді дамуда. Қажетті сертификаттарды алғаннан кейін өндіруші Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тапсырыстармен қамтамасыз етіледі.

Медициналық қызметтердің сапасы мен қамту деңгейін арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда. Баланың шетінеп кетуі 6,7%-ға, ана өлімі 11,4%-ға азайды. Ауруды ерте диагностикалау үшін скринингпен қамту бір жылда 38%-ға кеңейтілді. Нәтижесінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін 3,5%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Сонымен қатар бір топ қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат жасап шығарды. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың екінші фазасы жүріп жатыр. Оны аяқтау және препаратты тіркеу осы жылдың соңына жоспарланған. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты