Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Қорғау” қосымшасы: Шымкентте 30 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

“Қорғау” қосымшасы: Шымкентте 30 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Шымкентте “Қорғау” көмегімен миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген Lexus жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қорғау» қосымшасы арқылы мегаполис полицейлері құқық бұзушыларды анықтап жатыр.

Мәселен, өткен аптада бағдарлама қала көшелерінде борышкердің басқаруындағы автокөлік туралы ақпарат берді. Азаматтың 30 миллион теңгеден астам берешегі бар болып шықты. Жедел басқару орталығының кезекшілері көлікті тоқтату үшін патрульдік полиция инспекторларына бағдар берді.

Қала тұрғынына қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді, ал оның темір тұлпары айыппұл тұрағына қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, «Қорғау» қосымшасын қаланың тәртіп сақшылары 2022 жылдың сәуір айында қолдана бастады. Қосымша полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы ақпарат береді. Сонымен қатар аталған бағдарлама жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді