Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда дәріханалар мен медициналық ұйымдар арқылы 12 млн таңбаланған дәрілік зат сатылды

Қазақстанда дәріханалар мен медициналық ұйымдар арқылы 12 млн таңбаланған дәрілік зат сатылды
Фото: primeminister.kz

Үкіметте дәрілік заттарды таңбалау және қозғалысын бақылау жүйесі жұмысының аралық нәтижелері қарастырылды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске Денсаулық сақтау министрлігі, «СҚ Фармация» және «Қазақтелеком» компанияларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың келтірген дерегінше, жүйе енгізілгелі бері елдегі емдеу мекемелері 16,5 млн, ал дәріханалар 21,5 млн-нан аса таңбаланған дәрілік заттарды қабылдаған. Сонымен қатар шамамен 12 млн дәрі қаптамасын сатқан.

Айта кету керек, дәрілік заттарды таңбалау және бақылау жүйесі елімізде өндірілген немесе сырттан әкелінген әрбір дәрі-дәрмектің айналымнан толық алып тастағанға дейінгі қозғалысын онлайн режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

«Басты мақсат – азаматтарды қауіпсіз әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Ашық бақылау контрафактілі дәрілердің айналымға түсуіне жол бермейді және Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге емдеу мекемелерінің дәрілік заттармен қамтылу деңгейін бақылауға жағдай жасайды. Сондай-ақ дәрі-дәрмектің мақсатты қолданылуын қадағалауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Сондықтан бұл тетікті мейлінше пайдалана отырып, қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдау қажет», — деп тапсырды Тамара Дүйсенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді