Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда 150-ден астам жүргізуші тұрақ ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Екібастұзда 150-ден астам жүргізуші тұрақ ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

2024 жылы Екібастұз өңірінде полиция қызметкерлері 150-ден астам жүргізушіні тұрақ ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көбіне мектептер мен балабақшалар маңында тұрақ ережелерін бұзғандарға шағымдар түседі. Әсіресе балаларды мектепке апарып-әкелу кезіндегі қарбалас уақытта бұл мәселе өзекті болуда. Мұндай заңбұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырып қана қоймай, ата-аналардың балаларға үлгі көрсетуі тұрғысынан да теріс әсерін тигізеді.

Заңға сәйкес, жүргізуші мектеп маңында көлігін жол жиегінде тоқтата алады, бірақ бұл тек жолаушыны отырғызу немесе түсіру үшін ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл әрекет тұрақ емес, аялдама деп саналады. Ал егер жүргізуші көліктен түсіп, баланы қауіпсіздік орындығына не шығарып, мектепке апарып қайтса, бұл тұрақ деп есептеледі.

– Аялдаманы тұрақтан ажырата білу маңызды. Мысалы бала көліктен түсіп, жүргізуші оны орнына отырғызбай, жылдам кетіп қалса – бұл аялдама. Ал көлік иесі ұзақ уақытқа көлігін қалдырып, өз шаруасымен жүрсе – бұл тұраққа жатады, – дейді полиция қызметкерлері.

Тағы бір өзекті мәселе – мүгедектерге арналған тұрақ орындарының заңсыз иеленілуі. Мәселен, Instagram желісіндегі @up.ekibastuz парақшасына азаматтардан шағым түсуде.

– Гринвичте мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында көлік тұр. Мен мүгедекпін, көлігімді қоюға мүмкіндік жоқ. Осы заңбұзушылық бойынша шара қабылдауыңызды сұраймын, – деп жазған бір азамат.

Тұрақ ережелерін бұзу фактілерінің айтарлықтай бөлігі бейне немесе фото арқылы азаматтардың қырағылығының арқасында анықталды. Мәселен, «Шахтер» дүкенінің маңында жүргізуші тротуарда тұрақтағаны туралы шағым түссе, тағы бір хабарламада: «Жаяу жүргіншілер жолын көлік жауып тастағандықтан, балалар арбасымен өте алмаймыз. Шара қолданыңыздар!» – делінген.

Полиция департаменті тұрғындарға құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда 102 нөміріне немесе «Police 102» мобильді қосымшасына хабарласуды ұсынады. Сондай-ақ, Instagram желісіндегі @dp_pavlodar және @up.ekibastuz парақшаларына шағым жіберуге болады.

Ішкі істер органдарының басты міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қолдау. Құқық бұзушылар міндетті түрде өз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді