Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қайтарылған активтерден тағы 2,6 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды

Қайтарылған активтерден тағы 2,6 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды
Фото: pixabay.com

Жетісу облысы Рудничный ауылындағы апат жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа ғимарат салуға 2,6 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Жетісу облысы Рудничный ауылында апат жағдайындағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады. Үкімет бұл жобаны жүзеге асыруға 2,6 миллиад теңге бөлу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

1969 жылы салынған орта мектептің ескі ғимаратында 140-тан аса бала білім алып жатыр. 55 жылдан бері білім ошағы ешқандай күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазір мектеп апат жағдайында: су және кәріз құбырлары тозған, жылу жүйесі зақымданған. Ғимараттың физикалық тозу деңгейі 40 пайыз болады. Жаңа мектеп 200 орынға есептелген, 30 орындық шағын дайындық орталығы болады. Рудничный ауылында барлығы 1 мыңнан аса адам тұрады, оның 241-і мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.

Бұған дейін Үкімет Петропавлда балабақша, Атырау облысындағы Жамансор ауылында және Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін салуға, Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға және басқа да жобаларды жүзеге асыруға қаржы бөлген болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады