Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жол үстінде көліктерін билеткен павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды

Жол үстінде көліктерін билеткен павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Фото: бейнескриншот polisia.kz

Павлодарда «хоровод» билеген жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда полицейлер жол ережесін бұзған экстремалды жүргізушілерді жауапкершілікке тартты.

Демалыс күндері Toyota автокөлігінің жүргізушісі әуежайға бара жатқан жолда өзінің «шеберлігін» көрсетпек болды. Ол көлік тізгіндеу кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай туындатты. Оның әрекеттерінен басқа көлік жүргізушілері жылдамдық пен қозғалыс бағытын кенеттен өзгертуге мәжбүр болды. Қайғылы жағдайдың алдын алу тек сәттіліктің арқасында мүмкін болды.

Ал Кенжекөл ауылында ВАЗ-2114 автокөлігінің иесі орталық шыршаның айналасында «би билеп», көлік жүргізу шеберлігін көрсетпек болған.

Осылайша тәртіп бұзушылардың екеуі де жолдағы қауіпсіздікке қауіп төндіргені үшін полиция тарапынан жауапқа тартылды. Әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды<!--more-->– Жолда апатты жағдай жасау – бұл заңға қайшы әрі өте қауіпті әрекет. Мұндай жағдайлар ауыр зардаптарға, оның ішінде адамдардың жарақаттануына, мүліктің бүлінуіне немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін, – деп атап өтті ПД.

Жолдағы қауіпсіздікті сақтау үшін тәртіп сақшылары келесі ережелерді ұстануға кеңес береді:

Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз: бағдаршамның сигналдарына, жол белгілері мен таңбаларына мән беріп, жылдамдықты арттырмаңыз.

Мас күйінде көлік жүргізбеңіз: бұл реакцияны баяулатып, дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіреді.

Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз: бұл сіздің өміріңізді сақтаудағы ең тиімді құрал.

Көлігіңіздің техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеріңіз: тежегіштер, фаралар, шиналар және тазалағыштардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.

Жүргізу кезінде алаңдамаңыз: телефон қолдану немесе басқа да нәрселерге көңіл бөлу апат қаупін арттырады.

Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз: бұл күтпеген жағдайларда әрекет етуге қосымша уақыт береді.

Басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің күтпеген әрекеттеріне дайын болыңыз.

Ауа райы қолайсыз кезде ережелерді сақтаңыз: жаңбыр, қар, тұман немесе көктайғақ кезінде ерекше сақ болыңыз, жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты арттырыңыз.

Полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларын өз үлесін қосып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді