Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде екі зейнеткерді алдаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде екі зейнеткерді алдаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде екі зейнеткерді алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында алаяқтық қылмысқа қатысты күдікті әйел қолға түсті. Ол өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, 92 жастағы қарияға жаңа ақша айырбастау жүріп жатқанын айтқан. Сөзге сенген зейнеткер күдіктіге 600 мың теңгеден астам қаражатты қолма-қол ұстатып жіберген.

Алайда қария көп ұзамай алданғанын түсініп, дереу полицияға арызданды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтап, оны ұстау үшін жедел шаралар қабылдады. Күдікті Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында ол тағы бір осындай алаяқтыққа қатысы бар екенін мойындады. Жәбірленушілердің ақшасы өз қажеттіліктеріне жұмсалғаны белгілі болды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті азаматтарды, әсіресе егде жастағы тұрғындарды күмәнді ұсыныстар мен қоңырауларға сақ болуға шақырады. Күдікті әрекеттерге тап болған жағдайда, бірден полицияға хабарласу қажеттігін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады