Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық бұйымдарды сату дерегі анықталды

Павлодарда рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық бұйымдарды сату дерегі анықталды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында «Пиротехника» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтуде, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдалану жағдайларының алдын алу мақсатында өңірде рейдтер жүргізіп жатыр.

Рейд барысында тәртіп сақшылары пиротехникалық бұйымдарды сатуға рұқсат беру құжаттарын тексеріп, заң талаптарының сақталуын қадағалайды. Сауда орындарының иелері мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға пиротехникалық өнімдерді сатуға тыйым салынғаны және бұл бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертілуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, онлайн сауда жолдарын да бақылауға алды.

Павлодар қаласында Байжанов көшесінде рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық бұйымдарды сату дерегі анықталды. Заңсыз сатылған 45 оқтұмсығы бар төрт қорап тәркіленіп, сатушыға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды пиротехникалық бұйымдарды қолдануда сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Фейерверк сатып алған кезде сатушыдан міндетті түрде өнімнің сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір бұйымға пайдалану жөніндегі егжей-тегжейлі нұсқаулықтың болуы шарт. Мерзімі өткен пиротехникалық өнімдерді қолдануға қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар полицейлер пиротехникалық заттарды қалтада сақтауға, оларды бөлшектеуге, механикалық әсерге ұшыратуға, жылыту құрылғыларының жанында ұстауға болмайтынын ескертеді. Сыртқы келбеті бүлінген немесе ылғалданған бұйымдарды кептіруге тырысу қауіпті.

Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Балаларға пиротехниканы өз бетімен сатып алуға және оны үлкендердің бақылауынсыз пайдалануға тыйым салу қажет. Бұл ретте түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, қауіпті жағдайлардың алдын алу маңызды.

Есте сақтаңыз, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғаудың басты кепілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді