Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жаңа жылдық рейдтер басталды

Алматыда жаңа жылдық рейдтер басталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда жаңа жылдық рейдтер басталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы 5 желтоқсан мен 2025 жылғы 3 қаңтар аралығында Алматы қаласында полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет мамандары бірлесіп «Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Бұл шараның басты мақсаты – пиротехникалық өнімдердің заңсыз айналымына тосқауыл қою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікқұлдың айтуынша, рейдтер барысында жабайы сауда орындары анықталуда. Сондай-ақ, пиротехникалық өнімдерді кәмелетке толмағандарға сату мен олардың балалар тарапынан қолданылуына ерекше назар аударылады.

– Азаматтарды пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін белгіленген тәртіпке бағыну маңызды. Егер құқық бұзушылықтар туралы ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз, – деді Тимур Серікқұл.

Шараның тағы бір маңызды мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық заттарды сақтау, тасымалдау және сату ережелерінің сақталуын бақылау.

Еске сала кетейік, пиротехникалық өнімдерді елді мекендерде немесе рұқсат етілмеген орындарда пайдалану Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБК) 436-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Ал азаматтық пиротехникалық заттарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау немесе жою тәртібін бұзғандар ҚР ӘҚБК-нің 483-бабы бойынша жауапқа тартылады. Сонымен қатар, заңсыз саудалау тәртібін бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБК-нің 196-бабына сәйкес шара қолданылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады