Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодар облысында жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыс мезгілі басталысымен көлік жүргізу қауіптілігі артатыны белгілі. Осыған байланысты Павлодар облысы полиция департаменті көлік жүргізушілеріне ауа-райының өзгеруі мен жол жағдайының қиындауы жайлы ескерту жасаған болатын.

— Қысқы уақытта жолда жүру аса мұқияттылықты талап етеді. Бұл кезеңде жылдамдық режимін сақтау және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз ету маңызды. Жол жағдайы күтпеген жерден өзгеруі мүмкін, сондықтан әрдайым қырағылық танытуларыңызды сұраймыз, — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының техникалық регламентіне сәйкес, қыс мезгілінде жазғы шиналарды пайдалануға, ал жазда тікенекті шиналарды қолдануға тыйым салынған. Сонымен қатар шиналардың протектор тереңдігі де белгіленген талаптарға сай болуы керек. Жазғы шиналарда бұл көрсеткіш кемінде 1,6 мм, ал қысқы шиналарда 4 мм болуы шарт.

Қысқы шиналарда үш шыңы бар тау бейнесі мен қар ұшқынының таңбасы немесе «М+S», «M&S», «M S» белгілері болуы қажет. Егер бұл белгілер жоқ болса, шинаны қыста қолдануға тыйым салынады. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, шиналар маусымға сай болмаған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

— 1 желтоқсаннан бастап полиция қызметкерлері жүргізушілердің резеңке сәйкестігін тек жол жүру ережесін бұзған жағдайда ғана тексереді. Бүгінгі таңда 37 жүргізуші жауапқа тартылды. Мәселен, Екібастұз қаласының Абай көшесінде Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жазғы резеңкеде жүрген. Ақтоғай ауданында Chevrolet автокөлігінің иесі де шиналарын қыстыққа ауыстыруға үлгермеген. Барлық құқық бұзушыларға айыппұл салынды, — деді полиция өкілдері.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жол жүру ережелеріне сәйкес, көлік тікенекті резеңкемен жабдықталған жағдайда, көліктің артқы терезесіне арнайы «Тікенектер» белгісі жапсырылуы керек. Белгі ақ түсті теңбүйірлі үшбұрыш формасында болып, қызыл жиегімен және қара түсті «Ш» әрпімен стандартқа сай жасалуы тиіс. Мұндай талаптар орындалмаса, жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша ескерту беріледі немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Қыс мезгілі қарбалас пен қауіпті жағдайлардың көптігімен ерекшеленеді. Сондықтан жүргізушілерге көліктерінің техникалық жағдайына мұқият болып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді