Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов көмірсутектер саласындағы геология саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол Қазақстанның зерттелмеген немесе аз зерттелген елеулі әлеуетті ресурстарға ие екенін атап өтті.
«2022 жылға дейін геологиялық барлауға инвестициялардың төмендеу тенденциясы байқалады. Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде», — деп мәлімдеді вице-министр.
2023 жылы қабылданған түзетулер шеңберінде:
- барлауға қосымша инвестициялардың орнына барлау уақытын ұлғайту;
- таусылған (жетілген) кен орындарын игеруді ынталандыру;
- жер қойнауын пайдаланушының сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша бұрғылаудан бас тартуы бөліктері бойынша нормалар енгізілді.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың және негізгі жобалау құжаттары сараптамасының кезінде:
- іздестіру сатысындағы геологиялық барлау жобаларын хабарлау тәртібі;
- жобалау құжаттарын салалық бағалаудан кейін экологиялық сараптаманы жүргізу бойынша әкімшілік рәсімдер оңтайландырылды.
Жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық және әкімшілік шығындарын азайту:
- тиімсіз сараптамаларды жою;
- құжаттарды өңдеу уақытын қысқарту .
2024 жылы әзірленіп жатқан өзгерістер:
- өз қаражаты есебінен аз зерттелген учаскелерде геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын инвесторларға жер қойнауын пайдалануға басым құқықтарды беруді қамтамасыз етуге;
- көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниялардың мүддесі жоқ учаскелерді өткізуге және игеруге мүмкіндік береді.
«Түзетулер ұлттық компанияларға тиісті жер қойнауы учаскесін мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген күннен бастап тікелей келіссөздер жүргізуге өтінім беру үшін 3 жыл мерзіммен шектеуге бағытталған. Көрсетілген мерзімде ұлттық компаниялардан өтінім түспесе, учаске аукционға шығарылады», — деп түсіндірді энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.
Оның айтуынша, алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап алғашқы 3 жыл ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығаруға тыйым салу ұсынылады.
«Өйткені шарттардың бірі аукционда қабылданған – жеңімпаздың геологиялық барлауды орындау жөніндегі міндеттемесі (ұнғымаларды бұрғылау). Қазіргі уақытта заң жобасы Үкімет Аппаратының қарауында», — деді Ерлан Ақкенженов.
2024 жылы қабылданған түзетулердің арқасында күрделі жобалар бойынша үш келісімшартқа қол қойылды:
- Қаражар учаскесін барлауға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен;
- Малдыбай және Шалқар учаскелерін барлауға «Qazaqgaz» ұлттық компаниясымен.
Кен орындарын тезірек игеруге тарту мақсатында бір келісімшарт бойынша барлаудан бағалауға, ал он келісімшарт бойынша барлаудан өндіруге көшу жүзеге асырылды.
«Биыл екі электронды аукцион өткізілді, олардың барысында 15 учаске сатылды. Қол қою бонусының түпкілікті көлемі 32,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде бүгінгі таңда бюджетке 9,1 млрд теңге түсті. Геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі $82,5 млн-ды құрады», — деді спикер.
Сондай-ақ 56 іздеу жұмыстарының жобасы ескерту тәртібінде тапсырылып, оларды жерқойнауын пайдаланушылар өздері бекітті. Бұл әрбір жерқойнауын пайдаланушыға жобалау құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге кететін екі ай уақытты үнемдеуді, далалық жұмыстарды жылдам бастауға мүмкіндік берді
«Биылғы 9 айда жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан 4,3 трлн теңге инвестиция құйылды, оның ішінде геологиялық барлауға 125,9 млрд теңге жұмсалды. Министрлік көмірсутектер саласындағы геологиялық саланы дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады. Мұнда әр кезеңде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің түсінікті және ашық рәсімдерін қамтамасыз ету басты назарда болады», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.