Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда мас жүргізуші полициядан жасырынуға тырысты

Павлодарда мас жүргізуші полициядан жасырынуға тырысты
Фото: Polisia.kz

Павлодарда мас жүргізуші полициядан қашуға тырысты, бірақ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар полицейлері күн сайын мас күйінде көлік жүргізу фактілерінің алдын алып келеді. Олардың бірі Қамзин мен Циолковский көшелерінің қиылысында болды.

– Полицияның назарын аудартқан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі тоқтау туралы талапты елемей, жылдамдығын арттырған. Расков көшесінде рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылып, қашуға тырысқанымен, ұсталды, – деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілген. Медициналық куәландыру оның мас екенін растады. Нәтижесінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, биыл Павлодарда полицейлер 1331 мас күйінде көлік жүргізу фактісінің жолын кескен.

Полиция барлық көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді