Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Полиция азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топ мүшелерін ұстады
Фото: Polisia.kz

Полиция азаматтардың атына алаяқтықпен несие рәсімдеген қылмыстық топтың қатысушыларын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 қарашада Ақмола облыстық ПД өңір прокуратурасының бастамасымен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ақмолалық азаматтардың атына екінші деңгейдегі банктерден несие ресімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстау шарасын Көкшетау және Алматы қалаларында өткізді. Барлығы жедел қызметкерлер қылмыстық топтың 5 мүшесін ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады.

Жедел уәкілдердің айтуынша, бірнеше ай бойы төрт ақмолалық пен оңтүстік астананың тұрғыны негізінен ауылдық жерлерден адамдарды тауып, алдау жолымен олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген. Сенімге қиянат жасаудан басқа, жәбірленушілерді Алматы қаласына әкетіп, жылдам табыс табуға уәде берген. Бүгінгі таңда топтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 7 адам белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, құрбандардың нақты саны әлі де анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тінту іс-шаралары кезінде қолма-қол ақшаны, травматикалық және суық қаруды, сондай-ақ телефондарды, флэш-карталарды және банктік келісімдерді тауып, тәркіледі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық бес қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру аясында полиция қызметкерлері жәбірленуші азаматтардың санын және залалдың жалпы сомасын анықтап жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді