Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да сотталған адам 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алды

СҚО-да сотталған адам 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да сотталған адам 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Пробация қызметі бөлімдерінің есебінде тұрған сотталғандарды табысты қайта әлеуметтендіру мақсатында қызметкерлер жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп тұрақты негізде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

Осылайша, СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Уәлиханов ауданының пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың бірі жас кәсіпкерлерге, жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға өз бизнесін жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.

Курстарды сәтті аяқтағаннан кейін есепте тұрған азамат сертификат алып, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өзінің бизнес жоспарын іске асыруға 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алды.

Алынған ақшаға сотталған адам қоршауларды, шпростар мен беседкаларды дәнекерлеумен айналысатын «Іске сәтті Нұрсұлтан» ЖК ашты. Сонымен қатар ол технологиялық жабдықты дәнекерлеу машинасы, тегістеуіш, бұрғылау машинасы және басқа да керекті жабдықтар сатып алды.

– Мен 10 жыл бойы металл дәнекерлеумен айналыстым, сондықтан бұл қызметте үлкен тәжірибем бар деп айтуға болады. Грантты жеңіп алғаннан кейін мен жеке кәсіпкерлікті ашып, өзіме жұмыс істеуді шештім. 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге сотталдым. Осы уақытта және болашақта өзімді жұмысқа, кәсіпкерлікті дамытуға және, әрине, сүйікті отбасыма арнауды жоспарлап отырмын, – деді сотталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді