Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлер заңсыз айналымнан 300 дозадан астам “синтетика” тәркіледі

Ақтөбеде полицейлер заңсыз айналымнан 300 дозадан астам “синтетика” тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Ақтөбе қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Тінту барысында автокөліктен спорттық рюкзак табылды, оның ішінде ұнтақ зат салынған полиэтилен пакет және сары түсті жабысқақ ленталар, 100 zip-пакет және электронды таразы болды.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 119 грамнан асатын мефедрон болып шықты. Бұдан әрі тергеу іс-қимылдары барысында ұсталған адам орман алқабында 25 дана көлемінде ұнтақ зат салынған түйіншек қойылған орындарды көрсетті. Полицейлер 300 дозадан астам синтетикалық есірткінің айналымын тоқтатты. Жиналған дәлелдемелер жиынтығымен күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты