Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Головкин 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды

Головкин 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды
Фото: olympic.kz

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жұмыс сапарымен Лос-Анджелестегі 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу аясында Ойындарға қатысатын спортшыларға жасалатын жағдайлар, сонымен бірге Қазақстан мен АҚШ арасындағы спорт саласы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Нақтырақ айтқанда, олимпиадалық инфрақұрылым және ұйымдастыру комитеті спортшыларға ұсынып отырған жағдайлар тақырыбына назар аударылды. Қазақстан ҰОК басшысы алдағы Олимпиада ойындары тарихтағы маңызды кезең болатынына және халықаралық спорттық байланыстарды нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді. 

"Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне уақыт бөліп, мультиспорттық оқиғаны өткізуге қатысты өзекті әрі мазмұнды ақпарат ұсынғанына алғыс білдіреміз. Ұйымдастыру комитетіне келгеніміз біздің нәтижелі ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді білдіреді", - деді Геннадий Головкин. 

Алдағы Олимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті Қазақстан делегациясына жарыстар кезінде қолданылатын басты инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде Олимпиада ауылы мен спорттық ареналарды көрсетті. 

2028 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының өкілдері ірі спорттық шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесін бөлісіп, бұл процесске енгізілген инновацияларға назар аударды. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті алдағы Олимпиаданың ұйымдастыру комитетімен ынтымақтастықты жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады