Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды
Фото: pixabay.com

Полиция ақшаңды еселеп қайтарып беремін деп тұрғындарға 160 миллион теңге шығын келтірген күдіктінің ісін сотқа жолдады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысында “Cyberpol” жедел мақсатты тобының қызметкерлері жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізіп, профилактиканы күшейтті. Соның нәтижесінде 410 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, 200-ге тарта дерекке түпкілікті шешім қабылданды. Оның ішінде көпэпизодты қылмыстарға тоқталар болсақ, 25 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны 50-ден астам адамды алдап, құрығына түсірген. Жас жігіт жәбірленушілерге несие ресімдетіп, ақшаларыңызды көбейтіп, несиелеріңізді төлеп береміз деп алдаған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа өткен. Жалпы келтірілген шығын – 160 млн теңгеден асады.

Ал Шардара ауданында 29 жастағы ер адам 10-ға тарта жәбірленушіге ЭЦҚ-кілт ашып беремін деген сылтаумен жеке басына қатысты мәліметтерді алып, олардың атынан несие ресімдеген. 14,5 млн теңге шығын келтірген іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ “Cyberpol” қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде жәбірленушілердің 21 млн теңге қаражаты алаяқтардың есепшотына өтіп кетпей, дер кезінде бұғатталып үлгерген.

Тәртіп сақшылары облыс көлемінде халыққа қызмет көрсету орталығы, базар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да адамдар көп шоғырланатын орындарда “Интернет-алаяқтықтан сақ бол!” тақырыбында ауқымды профилактикалық іс-шаралар атқарды. Арнайы әзірленген 20 мың жадынама таратылып, 6 мың жабыстырмалы ақпарат ілінді.

Полиция бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған алаяқтық қылмысына тосқауыл қою мақсатындағы шаралар үздіксіз жүргізілетінін жеткізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді