Қарағанды облысында зейнеткерді тонаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында ашық тонау жасады деген күдікпен 43 жастағы азамат ұсталды.
Күндізгі уақытта көпқабатты үйлердің ауласында күдікті 73 жастағы зейнеткерге шабуыл жасап, жәбірленушіден 230 мың теңге ақшасын алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.
Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін беріп, одан айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.