Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: қоғамдық көліктерде жол ақысы қолма-қол алынбайды

Шымкент: қоғамдық көліктерде жол ақысы қолма-қол алынбайды
Фото: pixabay.com

Шымкентте 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктердегі қолма-қол төлем түрі тоқтатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тұрғындар төлемді тек электронды жолмен, атап айтқанда көлік картасы, СМС, банк карталары немесе QR код, Apple pay, Google Samsung pay арқылы жүзеге асыратын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен арнайы қаулы қабылданды.

Осыған дейін қолма-қол төлемді жүргізуші өзі іске асыратын болғандықтан, көлікті басқару кезінде келеңсіз жағдайлардың орын алу ықтималдығы жоғары болатын. Сәйкесінше, бұл жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушы азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қала берді екі жақтама бірқатар түсініспеушіліктер орын алатын. Мәселен, жыл басынан бері тап осы қоғамдық көліктерге қатысты түскен 6 мыңға жуық талап-арыздың үш мыңнан астамы жүргізушілерге қатысты орын алған. Сондай-ақ, жолаушыларды қолма-қол ақшамен төлеуге мәжбүрлеу, қасақана есіктерді ашпау сынды жайттар тіркелген.

Ендігі жүзеге асатын жүйе - көлеңкелі ақша айналымы, қоғамдық көлікердің бекітілген уақыттан кешігуі мен жол көлік оқиғалар көрсеткіші айтарлықтай төмендейді деп күтілуде. Айтқандай, Шымкентте жол ақысы қымбаттамайды. Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, мегаполисті қарқынды дамыту бағытында кешенді жобалар әзірленуде. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында айтылды. Сессияда 8 мәселе қаралды. Бәрі халық игілігі үшін  жұмыс істейтін бастамалар. Мәслихат ең алдымен жол ақысын тұрақтандыру мәселесін бірауыздан қолдады. Сондай-ақ бюджет көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарды мақұлдады. Мәслихат отырысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісі Президент Жолдауында айтылған бастамаларға сәйкес жүзеге асатынын ерекше атап өтті.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді