Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шыққан

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шыққан
Фото: Tengrinews.kz / Влад Семенов

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шықты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

"Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының (Усть-Язовское орман шаруашылығы) шалғай таулы аймақтағы аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртеніп жатыр. Аймақ белгіленіп жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

ТЖД мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Салдарын жоюға орманшылар жеке құрамынан 123 адам, Өртті сөндіруге "Қаз-авиа-орманды қорғау" қызметкерлері, орманшылар, өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Барлығы 111 адам, 3 бірлік техника және 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Жетуі қиын таулы жер болғандықтан өрт сөндірушілер тікұшақпен жеткізілді.

"Жер рельефіне жету қиын. Тікұшақтар 10 рет су ағызды. Белсенді жиегі жоқ. Сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлек түтін орындары бар. Өрттің таралуына жол берілмеді", - деді ТЖД өкілдері.

Оқиға орнында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев жүр.

Катонқарағай ұлттық саябағы - Қазақстандағы ең үлкен саябақ. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орналасқан, Ресеймен шектеседі. ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұралар тізіміне енгізілген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады