Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Сулпак» СҮ жанындағы ағаштарды заңсыз кесу ісі барынша «ауыр» бап болып қайта белгіленді

Бүгін онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әкімдігі мен қаланың құқық қорғау органдарының өкілдері Төле би көшесіндегі ағаштарды заңсыз кесу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің барысы және  қабылданған шаралар туралы айтты.
 
23 қарашаға қараған түні Төле би көшесінің бойында, «Сулпак» сауда үйінің маңында тоғыз емен, екі қарағаш және екі акация кесілген. Әкімдікке кәсіпкерлер тарапынан ағаш кесуге өтініш түскен жоқ.
 
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинскаяның хабарлауы бойынша, Ботаникалық бақ мамандарының мәліметіне сәйкес тоғыз кәдімгі емен, аласа қарағаш, қарағаш және екі псевдоакация робиниясы (ақ акация) кесілген.
 
«Сарапшылардың қорытындысы бойынша, кәдімге емендер сирек кездесетін түрлерге жатады және Қазақстанның Қызыл кітабына жойылып бара жатқан түрлердің «екінші санатына» енгізілген. Осыған байланысты әкімдік прокуратураға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық істі қайта квалификациялау туралы өтініш жіберді», - деп атап өтті Н. Ливинская.

Осыған байланысты Алматы полициясы Департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов бұл іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бөлімінің «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын пайдалануға тыйым салынған заңсыз айналым» 339-бабына қайта квалификацияланғандығын атап өтті.
 
«Бүгінгі күні бұл іске қатысы бар барлық адамдар анықталып жатыр. Негізгі кінәлі тұлға анықталды, бұл ЖК директоры, Алматы қаласының тұрғыны, ол күдікті деп танылды. Оның әрекеттері ҚР ҚК 339-бабына сәйкес келеді. Іске бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл адамның жауапкершілігінен басқа, біз сонымен қатар «Сулпак» компаниясының жауапкершілігін қарастырамыз, өйткені көршілес аумақты абаттандыру бойынша келісім-шарт осы компаниямен жасалған», - деді Р. Әбдірахманов.

Өз кезегінде Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Берік Адамов заңсыз ағаш кесу орын алған жерді күзетіп жүрген полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің заңға сәйкестігі тексерілетінін атап өтті.
 
«Біз қала тұрғындарының әлеуметтік желілердегі шағымын зерделеп, тексеріс жүргізудеміз, оны Алмалы ауданының прокуратурасы жүргізіп жатыр. Полицияның іс-әрекетіне заңды баға беріледі. Тексеру нәтижелері бойынша полиция бөліміне бұйрық жіберіледі », - деді Б. Адамов.

Н. Ливинскаяның айтуынша, кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу жүргізілетін болады. Жасыл экономика басқармасы көшеттердің орналасуын, ауқымы мен көшеттерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
 
Қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы мегаполис әкімдігі қала тұрғындарының әділетті наразылығына ортақ екенін, бұл іс Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың бақылауында екенін баса айтты.

«Біз алматылықтарды бізге және экологиялық құрылымдарға Алматының жасыл қорын бақылауға көмектесуге шақырамыз», - деп атап өтіп, кәсіпкерлерді осындай заң бұзушылықтардың алдын алуға шақырды.

Келтірілген шығынның мөлшерін анықтағаннан кейін, Алматының Жасыл экономика басқармасы кесілген ағаштардың орнына өтеме отырғызуды талап етеді. Жаңа үлгідегі ережелер бойынша серіктестік 260 ағаш отырғызып, оларды екі жыл бойы күтіп-баптауы керек.
 
Сонымен бірге, Н. Ливинская осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап Басқарма сайтта жасыл желектерді кесумен айналысатын компаниялардың рейтингін жариялауды бастайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Жасыл комиссияның реформасы аяқталады, оның құрамына қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, белсенділер мен БАҚ өкілдері кіреді. Сонымен қатар, сарапшылармен бірге ағаштарды бағалау әдістемесі жасалуда.
 
Н. Ливинскаяның айтуынша, ертең, 26 қараша күні әкімдік қоғам белсенділерімен және қамқор азаматтармен бірге Төле би көшесінің бойына, соның ішінде «Сулпак» СҮ-нің жанындағы учаскеге, биіктігі кемінде 4 м болатын 30-ға жуық көпжылдық емен отырғызады. Бұл ағаш отырғызу өтемдік жұмыс көлеміне кірмейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді