Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде көпбалалы кейуана өзінен теріс айналған сегіз баласын сотқа берді

Ақтөбеде көпбалалы кейуана өзінен теріс айналған сегіз баласын сотқа берді
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде кенже қызының қолында тұратын 92 жастағы кейуана алимент өндіру үшін қалған сегіз баласын сотқа берді. Бес-алты жылдап анасын көрмеген, хәлін сұрамаған балалардың сотта келтірген дәйегін судья қабылдамай тастады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта талап қоюшы өзінің батыр ана әрі 92 жаста екенін, кәрілігіне байланысты көптеген созылмалы аурулардан зардап шегетінін, қазір кенже қызымен тұрып жатқанын, бірақ оның тапқаны еміне жетпейтінін мәлімдеді. Сондықтан ол бес-алты жыл бойында көрмеген өзге сегіз баласынан алимент өндіргісі келетінін жеткізді.

Сондай-ақ сотта кіші қызы анасына қамқор екенін дәлелдейтін бейнежазба ұсынды. Ал қалғандары кенже қыз үйіне, анасына өздерін жолатпайтынын айтып ақталды. Алайда оны сот ескермеді, себебі өз дәлелін тапқан жоқ. Сот мұны міндеттерінен жалтарудың бір әдісі ретінде қарастырды. Істі қарау барысында жауапкерлер сотқа аналарына тең дәреже көмек беретіндері туралы шынайы және жеткілікті дәлелдемелер ұсынбады.

Алимент төлеуден талап қоюшының төрт баласы босатылды, себебі олар - зейнет жасында.

"Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 4 жауапкерден анасының пайдасына оны асырау мақсатында әрқайсысынан 7 АЕК-тен алимент өндірілді", делінген Ақтөбе қалалық соты хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді