Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жезқазған полигонында оқу-жаттығу кезінде офицерге оқ тиді

Жезқазған полигонында оқу-жаттығу кезінде офицерге оқ тиді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Жезқазған қаласындағы 6505 әскери бөлімінің оқу полигонында жауынгерлік оқу-жаттығу кезінде бір әскери қызметші жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 12 қыркүйекте жауынгерлік дайындық кезінде болған. Оқу-жаттығу алаңында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жауынгерлері атыс жаттығуын өткізген.

«Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер аяғынан жеңіл жанама жарақат алған. Оған сол жерде барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оның жағдайы бірқалыпты деп бағаланды, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған», — деп хабарлады Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ақтауда әскери қызметші абайсызда тиген оқтан көз жұмған еді.

Сондай-ақ Жетісу облысының Сарыөзек гарнизонында да қызметкерге оқ тиіп, жарақат алды.[spoiler][/spoiler]

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді