Екібастұзда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ заңнаманың бұзылуын анықтау үшін базарлар мен құрылыс объектілерін тексереді. Елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау бойынша жұмыс қарастырылған.
– Екібастұз көші-қон қызметінің қызметкерлері Қонаев көшесіндегі қоймалардың бірінде шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметін тоқтатты. Полиция еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған төрт шетелдік азаматты анықтады. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.
Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға және тәртіпті бұзбауға шақырады.