Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде теміржолды белгіленбеген тұстан кесіп өткен 28 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды

Елімізде теміржолды белгіленбеген тұстан кесіп өткен 28 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Елімізде 28 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті белгіленбеген жерлерден теміржолдарды кесіп өткені үшін 28 589 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде адамдардың болуына байланысты – 205, жануарлардың болуына байланысты – 956. 55 азамат пойыз астына түсіп, олардың жартысынан көбі қайтыс болды.

Департамент бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, демалыс күндері Жетісу облысы Қарабұлақ – Талдықорған аралығында жүк пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

– Өкінішке орай, қайғылы оқиғалардың көпшілігі теміржолда жүріп-тұру ережелерін сақтамау салдарынан болады. Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын жете түсінбейді, – деді Б.Малыбаев.

Көлік полицейлері профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде азаматтарға теміржол аймағында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін жиі ескертеді. Жаяу жүргіншілердің төсем арқылы өтпес бұрын теміржолда пойыздың, локомотивтің немесе вагондардың жоқтығына әбден көз жеткізгендері жөн. Тіпті, пойыздың сигналын есту үшін құлаққап пен бас киімді шешіп өту өте маңызды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты