Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл елімізде 11 мыңнан астам азамат теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен

Биыл елімізде 11 мыңнан астам азамат теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен
Фото: polisia.kz

Елімізде жыл басынан бері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 11 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың бірінші тоқсанында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткені үшін 11 417 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Пойыздардың шұғыл тежелуінің 517 фактісі тіркелді. Сондай-ақ осы кезеңде еліміз бойынша пойыз астына 24 азамат түскен болса, оның 13-і өліммен аяқталды, 11-і түрлі жарақат алды.

Мәселен, өткен тәулік ішінде екі адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Бұл фактілер Ақтөбе және Түркістан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатуға үлгеріп, қайғылы жағдайдын алдын алды.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша екі құқық бұзушы белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында көлік полицейлері халықпен, жолаушылар пойыздарында және оқу орындарында тұрақты негізде профилактикалық сипаттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық іс-шарада теміржол көлігі объектілерінде болған кезде негізгі қауіпсіздік ережелері жеткізіледі. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде департаментте жылжымалы құрамның балаларды қағып кетудің бірде-бір фактісі тіркелген жоқ.

Көлік полицейлері азаматтарға темір жолда мұқият болу керектігін ескертеді. Темір жолдарды тек арнайы жабдықталған орындардан өту қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді