Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әйеліне қол жұмсаған азаматқа қылмыстық жаза тағайындалды

Әйеліне қол жұмсаған азаматқа қылмыстық жаза тағайындалды
Фото: pixabay.com

Мас күйде әйелін ұрып-соққан Ақтөбе тұрғыны сот шешімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрмыстық жанжал маусым айының соңында болған. Ерлі-зайыпты тұрғындар көршісінің үйіне қонаққа барған. Қонақтан мас болып қайтқан төрт баланың әкесі үйінде ұрыс-керіс шығарып, әйелін жұдырығымен бірнеше рет ұрып жіберген.

Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша дереу іс қозғап, күдіктіні қамауға алды.

Сонымен қатар жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы әйел денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келгенін көрсетті. Сот отырысында 46 жастағы айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, ал жәбірленуші алдағы уақытта күйеуімен ажырасуға ниетті екенін айтты. Себебі мұндай жағдай бұрын да болғанын, алайда полицияға хабарламағанын жеткізді.

Сот үкімімен әйеліне жұдырық жұмсаған азамат кінәлі деп танылып, оған қатысты 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі қылмыстық жаза тағайындалды. Сотталушы жазадан жалтарған жағдайда, жаза қамауға алуға ауыстырылатын болады.

Сонымен қатар қылмыстың алкогольдік мас күйде жасалғанын ескеріп, сот оған үш ай мерзімге алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым салды. Аталған құқық бұзушы азамат қазіргі таңда полицияның профилактикалық есебіне қойылып, ерекше бақылауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты