Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда АЭС салу бойынша жария талқылау Қарағанды қаласында өтеді

Қазақстанда АЭС салу бойынша жария талқылау Қарағанды қаласында өтеді
Фото: pixabay.com

5 шілде күні Қарағанды қаласында Қазақстанда АЭС салу бойынша жария талқылау өтпекші. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақапаратқа сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болған.

Сонымен қатар, Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр.

Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.

Жария талқылау өткізілетін орны: Қарағанды қ., «Қоғамдық келісім» КММ, Кеншілер даңғылы, 64.

Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 5 шілде сағат 15.00-де.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде елде атом электр стансасын салу жобасы туралы пікір білдірді. Атап айтқанда, АЭС жөніндегі референдум күзде өтеді. 

Сондай-ақ, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев  АЭС құрылысында Қазақстан халқы өзі таңдау жасайтынын хабарлаған болатын.

Ал, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым АЭС салу референдумында саналы таңдау жасауға мүмкіндік алатынымызды айтқан еді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді