Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: polisia.kz

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар қаласындағы Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында “Кибершериф” мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты.

– Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұл толық төленгенше сол жерде сақталады, — деді Айдар Сламбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде биыл 20-30 маусым аралығында кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидаты негізінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты