Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар магистральдық желі бөлімшесіне 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Павлодар магистральдық желі бөлімшесіне 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: zakon.kz

"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" бекітетін нұсқаулықтарда бәсекелестікке қарсы келісімдер бар екендігі анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Қуат Өтеуов ҚР Көлік прокуратурасынан өздеріне осындай ақпарат келіп түскенін айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Осыған байланысты бізге тиісті жұмыстар жүргізу және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау тапсырылды. Жұмыс жүргізілді, нәтижесінде тармақ иелері мен магистральдік желілер арасында болатын 90-нан астам нұсқаулар талданды", – деді спикер. 

Аталмыш нұсқаулықтарда нақты субъектілерді көрсете отырып, локомотивтік жұмыстар көрсете алатын нарық субъектілерінің атаулары болған. Бұл – бәсекелестікті шектейді. Өйткені онда нарықта жұмыс істей алатын кез-келген кәсіпорын жұмыс атқара алады. 

"Ресурстар шектеулі болғандықтан, бұл бәсекеге қабілетті монополияға қарсы заңнаманы бұзудың белгісі. Осыған байланысты қазіргі уақытта "Павлодар магистральдік желі бөлімшесі" атына 30 күнтізбелік күн ішінде осы бұзушылықтарды өз еркімен жою туралы хабарлама шығарылды. Егер хабарлама орындалмаса, бұл тергеуді бастауға негіз болады", – деді Қуат Өтеуов.

Оған қоса,  жүргізілген жұмыс нәтижесінде департаменттің "Павлодар магистральдік желі бөлімшесіне" тиісті сұрау салуды жолдағаннан кейін, олар ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген. Тиісінше, кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 360 250 теңге сомасына айыппұл салынған. Материалдар субъектінің өтініші бойынша сотқа жіберілген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді