Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Телефонын аяқпен сындыруға тырысты: СҚО полицейлері бірқатар интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

Телефонын аяқпен сындыруға тырысты: СҚО полицейлері бірқатар интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері бірқатар интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Көліктен шыққан сәтте күдікті өзінің иығындағы шағын сөмкесі жерге түсіп кеткенін көріп, ішіндегі телефонын аяқтарымен басып сындырмақ болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айында Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінді. Өткен жылдың қараша айында оның жанына бейтаныс ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқан сияқты кейіп танытып, түрлі сипаттағы сұрақтар қоя бастаған. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, тергеу барысында қажет дегенді сылтау етіп, оның телефонына келіп түскен sms хабарламадағы құпия кодты айтуға көндірген. Кейін анықталғандай, ер адамның атына бір миллион теңгеден астам сомаға несие ресімделген.

Едәуір уақыт өткенімен, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері Петропавл қаласының полиция басқармасындағы Cyberpol тобының жедел уәкілдерімен бірлесіп, күдіктіні тез арада анықтады. Ол Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Оны қолға түсіру үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жұмылдырылды. Көліктен шыққан сәтте күдікті өзінің иығындағы шағын сөмкесі жерге түсіп кеткенін көріп, ішіндегі телефонын аяқтарымен басып сындырмақ болды. Бірақ арнайы жасақ қызметкерлері оның бұл әрекетінің іске асуына жол бермеді.

– Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Ақпараттық жүйені қолданушының сеніміне кіре отырып, оны алдау арқылы жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ тағы бір жәбірленушінің аты-жөні белгілі болды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады