Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Польша жол саласын дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды бірлесе жүргізеді

Қазақстан мен Польша жол саласын дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды бірлесе жүргізеді
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан мен Польшаның ғылыми Жол институттары екі меморандумға қол қойды. Демек екі ел жол саласын дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды бірлесе жүргізіп, сала мамандарын даярлайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстандық жолшылар жұмыс сапарымен Польшаның Варшава мен Краков қалаларына барды. Делегация құрамына Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) мен Қазақстан Республикасындағы PIARC Ұлттық комитетінің өкілдері кірді. Кездесу жолдар мен көпірлерді зерттеу институтында (IBDIM) өтті.

Польшадағы автомобиль жолдары мен көпірлерді ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен, сондай-ақ жергілікті жол конгресінің президенті Збигнев Котлярекпен және техникалық директор Александру Скорупскумен кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқыланды.

Кездесу ғылыми жобаларды жүзеге асыру және нормативтік базаны реформалау саласындағы тәжірибе алмасу алаңына айналды. Жолдарды салу әрі күтіп ұстаудағы инновациялық технологияларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен бірге Краков технологиялық университетінің ректоры және профессор Анджей Шарамен меморандумға қол қойылды.

Бұл келісім заман талабына сай күрделі инженерлік және технологиялық міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Ол ғылыми қызметкерлерді тағылымдамадан өткізудің жалпы бағдарламаларын және автомобиль жолдарын салу, пайдалану және күтіп ұстау саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты