Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО прокурорлары су тасқынынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

СҚО прокурорлары су тасқынынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Фото: СҚО прокруатурасы

2024 жылғы 30 сәуірде облыс прокуратурасы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Барлық айтылған мәселелер бойынша бизнес субъектілеріне қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді.

Төтенше жағдайлар және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының өкілдерімен кәсіпкерлерге су тасқынынан кейін қауіпсіздік шараларын сақтау және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу ұсынылды.

Облыс бойынша табиғи апат салдарынан барлығы 156 бизнес субъектісі зардап шеккен.

Қадағалау органы 26.04.2024 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын айқындау жөніндегі Өңірлік комиссия құрылғанын кәсіпкерлердің назарына жеткізді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары (Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген) жобасының ережелері талқыланды, ол қазіргі уақытта «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда.

Кәсіпкерлердің жекелеген мәселелері толық шешілгенге дейін бақылауға алынды.

Қадағалау органы су тасқынынан зардап шеккендердің құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда олар облыс прокуратурасының жедел желісіне (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) хабарласа алатындықтарын еске салады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты