19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында басталған қамыс өрті 31 гектарға таралған деп хабарлайды, kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін
Бұл туралы ҚР ТЖМ телеграмм арнасы мәлімдеді.
“Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді,” - деп жазды министрліктің телеграмм арнасы.
Өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су себілген. Қазір өрт оқшауланды.
Бұған дейін
Тілсіз жаумен күресте құтқарушыларға табиғи салдарлар кері әсер етіп жатқанын жазған едік. Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
“Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылуда.” деді ТЖМ телеграмм арнасы.
Осы өрттен бірнеше апта бұрын Қазақстанның қай аймақтары табиғи өртке дайын емес екендігі белгілі болған еді.
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың қатысуымен өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша кеңес өткізді. Осы кеңесте бірнеше орман иелерінің өрт бола қалған жағдайда оған дайын емес екендігі анықталды. Оның ішінде 15 адамның өмірін қиған "Семей орманы" резерваты мен Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары бар.
Бұл өңірлерде резевртің жоқтығы, орман өрт сөндіру ғимараттарының авариялық жағдайы немесе мүлде болмауы, өрт сөндіру мұнараларының жетіспеушілігі, арнайы техниканың тозуы тіркелген. Әсіресе рация мен арнайы киім-кешектің жетіспеушілігі жиі анықталған.