Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық ұлан су басқан аймақтағы сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізді

Ұлттық ұлан су басқан аймақтағы сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізді
Фото: polisia.kz

Ұлттық ұлан қарауылдары су басу қауіпіне байланысты БҚО мен СҚО-да 1700-ден астам сотталғанды еліміздің басқа мекемелеріне жеткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар аясында Ұлттық ұлан бөлімшелері су басу қауіпі бар аудандарға жататын елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі шараларды орындауда. Сонымен қатар мұны өз бетінше жасай алмайтын адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Дәлірек айтсақ, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының нашарлауына және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің су басу қауіпіне байланысты сотталғандарды Қазақстан бойынша басқа түзеу мекемелеріне жеткізу туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты 7552 (Алматы қ.), 6505 (Қарағанды қ.) және 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімдерінің Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қысқа мерзімде Орал қаласынан 700-ге жуық сотталғандарды теміржол қарауылымен шығарды. Оларды тасымалдау үшін арнайы автомобильдер мен теміржол вагондары тартылды. Хаттама бойынша барлық қажетті рәсімді жүзеге асыру үшін құқықтық тәртіп әскерлерінің 400-ден астам әскери қызметшісі жұмылдырылды.

Өткен аптаның соңында Қазақстанның солтүстігінде сотталғандарды осындай тасымалдау жүргізілгенін атап өткен жөн. Мәселен, Петропавл қаласының №48 мекемесін су басу қауіпіне байланысты осы облыс орталығындағы әйелдер колониясына (№50 мекеме) 750-ден астам сотталған ер адамды орналастыру туралы шешім қабылданды. Бірақ, әрине, алдымен 300-ден астам әйел ол мекемеден шығарылды.

Қазіргі уақытта сотталған әйелдер Қарағанды облысындағы Көксүн кентіндегі ҚАЖД мекемелеріне жеткізілді. Петропавл қаласының тергеу изоляторындағы қамауда отырған адамдарға қатысты осындай шаралар қабылданды және олар Көкшетау қаласына шұғыл эвакуацияланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді