Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдіктер ұсталды

Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдіктер ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдіктер ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың қылмыстық әрекеттерін есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шара барысында әшкереледі. Пәкістан мен Үндістанның екі азаматы Алматыда есірткі кәсібін бастаған. Олардың бірі Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды.

– Күдіктілер өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін жеке үйді жалға алған – бір қызығы, “Мяу” фильмінің кейіпкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырған үйді. Тұрғын үйді тінту кезінде сатуға дайын аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі, зертханалық жабдықтар, прекурсорлар табылды және тәркіленді. Шетелдіктердің жұптасып жұмыс істегені анықталды: бірі есірткіні қайнатса, екіншісі оны жасырын қою арқылы таратқан. Айтпақшы, іздестіру шаралары қаскөйлердің тұрғылықты жерінде де жүргізілді. Олар “синтетика” салынған байламдарды жатын бөлмесінде сақтаған. Тәркіленген синтетикалық психотроптық заттардың жалпы салмағы 4 келіден асады. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді