Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Республикасының аумағында 6 жыл тіркеусіз жүрген шетелдік азамат ұсталды

Қазақстан Республикасының аумағында 6 жыл тіркеусіз жүрген шетелдік азамат ұсталды
Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасының аумағында 6 жыл тіркеусіз жүрген шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көліктегі полициясы департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде екеуі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін және біреуі заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін. Сондай-ақ 943 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы көліктегі ПД бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов айтты.

Оның айтуынша, 2 тамызда Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің көлік полицейлері “Әскерилендірілген теміржол күзеті” ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының 41 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Ол тауар вагоны арқылы Алматы қаласына дейін жетпекші болған. Тексеру кезінде шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында 6 жыл бойы тіркеусіз жүргендігі анықталды.

– Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі (Жүк пойыздарында заңсыз жүріп-тұру), 559-бабының 5-бөлігі (Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту) және 517-баптың 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, Т.Рысқұлов атындағы ауданның сотына жіберілді. Сот шешімімен шетелдік құқық бұзушыға әкімшілік жолмен Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарып жібере отырып, ҚР аумағына 5 жылға кіруге тыйым салынды, – деді М.Айтуғанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді