Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда 63 млн теңге жымқырғаны үшін балабақша директоры мен бас есепшісі сотталды

Павлодарда 63 млн теңге жымқырғаны үшін балабақша директоры мен бас есепшісі сотталды
Фото: pixabay.com

Павлодарда 63 млн теңге жымқырғаны үшін балабақша директоры мен бас есепшісі сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар қаласының 62 жастағы тұрғыны балабақша директоры лауазымында жұмыс істеп, есепшісімен бірге өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру жолымен ұрлап кеткен.

Директор мен есепші жеті жыл ішінде заңсыз бірнеше штаттық бірліктерді белгілеп және белгіленген бірліктерден тыс қосымша төлемдерді өз пайдасына заңсыз есептеп отырған. Сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аудармалар жасаған.

Осылайша қаскөйлер мемлекетке жалпы сомасы 63 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірді. Сот оларды ҚР ҚК-нің 189 бабында (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұрынғы балабақша директоры бүгінгі күнде Абай облысы ҚАЖД-ға қарасты № 23 мекеменің карантин бөлімшесінде жазасын өтеуді бастады.

Мекеме қызметкерлері онымен тәрбиелік-психологиялық сипатта жұмыстар жүргізіп жатыр. Сотталған азамат өз кінәсін мойындады, мемлекет пайдасына және жәбірленушілерге келтірілген борыштың бір бөлігін төледі. Қалған борышты төлеу үшін жазасын өтеу барысында жұмысқа орналасып төлеуге де дайын.

– Ал бұрынғы есепшіге қатысты, сот сотталушының бес жасар қызы бар екенің ескеріп, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді кейінге қалдырды, – дейді мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді