Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2020 жылы Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 18,7%-ға азайды

2020 жылы ел бойынша 13 515 ЖКО (2019 жылы – 16 614) тіркелді. 19 841 адам зардап шекті (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға аз – 24 585), оның ішінде 17 844 адам жараланды (22 180, 19,5%-ға төмендеді), деп хабарлайды kazlenta.kz


ЖКО салдарынан 1997 адам, ал өткен жылы – 2405 адам қаза тапты.


ЖКО-дан зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 4321-ден (2019 жылы) 3140-қа дейін төмендеді (ағымдағы жылы) және зардап шеккендердің жалпы санының 15,8%-ын құрайды.


Жол оқиғаларының негізгі бөлігі елді мекендерде орын алады. 2020 жылы 10 080 ЖКО жасалды, бұл жалпы санының 74,6%-ын құрайды (2019 жылы – 12 686 ЖКО).


Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес ЖКО-ның 86%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болған (11 717, 2019 жылы – 13 857), оның ішінде 544 (631) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған.


Статистика көрсетіп отырғандай, соқтығысудан болатын өлім ЖКО-да қаза болғандардың жалпы санының 36%-ын құрайды және «өлім» жағдайларының саны бойынша бірінші орын алады.


Екінші орын – жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты жол көлік оқиғалары. Бұл ретте ЖКО-да қаза болғандардың жартысынан астамы (65% немесе 1298 адам) ЖКО-ның көрсетілген екі түрінің үлесіне (соқтығысу және жаяу жүргіншіні қағып кету) келеді.


Жол қозғалысы қағидаларында немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтың артуынан 3732 ЖКО немесе ЖКО жалпы санының 27,6% жасалды.


Алматы қаласында адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан ЖКО-ның 24%-ға жуығы немесе 3245 фактісі жасалған. Тиісінше, бұл жерде ЖКО-дан зардап шеккендердің ең көп саны тіркелген (3 891).


Елордада 466 ЖКО, Шымкент қаласында 322 ЖКО тіркелді.


ЖКО-ның ең аз саны Атырау – 232 және Солтүстік Қазақстан – 238  облыстарында жасалды.


Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттар туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайты «qamqor.gov.kz» «Ақпараттық сервис» бөлімінде көруге болады. Ол үшін «Геоақпараттық жүйелер» терезесіне өтіп, «ЖКО» қосымша бетін таңдау қажет.


Ескертпе: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жарақат алған немесе қаза тапқан ЖКО-ның есебін ғана жүргізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді