Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Науаида Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық талқыланды

Науаида Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық талқыланды
Фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Науаи облысына жұмыс сапарымен барды. Науаи қаласындағы Қазақ мәдени орталығының белсенділерімен кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Одан әрі Елші Нұрат қаласында орналасқан «Сейітқұл әулие – Әйтеке би» кесенесі мен «Чачма» мемориалдық кешенін аралады. Атап өтетін жайт, 2024 жылғы 15-16 мамырда көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке бидің 380 жылдығына орай іс-шаралар өткізіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, Дипмиссия басшысы 1966 жылы Терікқұдық кентінің Кенимех ауданында құрылған №14 қазақ орта мектебінде болды. Мектептің оқытушылар құрамымен және елді мекен ақсақалдарымен білім беру үдерісінің мәселелері талқыланды. Кенимех ауданында жұмыс істейтін 36 мектептің 28-інде оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Науаи қаласына жұмыс сапары шеңберінде Елші Б. Атамқұлов Науаи облысының әкімі Нормат Тұрсыновпен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан өңірлерімен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Химия және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыруға, бірлескен бизнес-форум, сондай-ақ Науаи қаласында Жастар фестивалін өткізуге ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, Тараптар Науаи облысы мен оның әкімшілік орталығы (Науаи қ.) мен Қазақстанның өңірлері және қалалары арасында бауырлас байланыстар орнату, сондай-ақ іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату арқылы өңіраралық диалогты дамыту мүмкіндігін қарастырды.

Кездесу соңында Б. Атамқұлов «Науаи» еркін экономикалық аймағына барып, «Науаи тау-кен металлургия комбинаты» АҚ, «Науаиазот» АҚ, «Қызылқұмцемент» АҚ және «Gidro Stanko Servis» ЖШҚ сияқты өңірдің ірі индустриялық кешендерінің қызметімен танысты. Екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту үшін компаниялардың айтарлықтай әлеуеті бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді