Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

С. Жұманғарин: Маңғыстаудың даму перспективалары – логистикада

С. Жұманғарин: Маңғыстаудың даму перспективалары – логистикада
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, бизнесті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Серік Жұманғарин делегация құрамында Астанадан вице-министрлер, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция, Көлік министрліктерінің, сондай-ақ АӨК саласындағы қаржы институттарының басшылары келгенін атап өтті. Барлығы тұрғындар мен бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауап беруге дайын.

«Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы ең өзекті мәселе – негізгі азық-түлік түрлерімен толық қамтамасыз ету. Зерттеулер деректері бойынша қазақстандықтардың тұтыну шығындарының едәуір бөлігі азық-түлік өнімдеріне тиесілі. Оның 17%-ы – ет (тауықты қоса есептегенде), 8%-ы – астықтан (нан, жарма және т.б.) өндірілетін өнімдер, 5% – ы сүт және сүт өнімдері, 4%-ы – көкөністер, жемістер мен қант. Бұл – біз өзімізді толығымен қамтамасыз етуіміз керек өнімдер. Ол үшін біз Үлкен жобаны іске қостық – бұл СҚО-ның тауарлы сүт фермаларына жеңілдікпен несие беру бойынша оң тәжірибесін қайталау. Өткен жылы 65 ферманы несиелеуге 100 млрд теңге бөлінді, олар еліміздің түрлі өңірлерінде салынып жатыр. Биыл негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті төмендетуге тиіс жобаларға тағы 100 млрд теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ көкөніс қоймаларын терең өңдеу бойынша жобалар қажет», — деді вице-премьер.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Маңғыстау облысының агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін 2024 жылы 2,5 млрд теңге субсидия көзделгенін атап өтті. Және бұл сома ұлғаймақ.

«Сіздермен кездескенге дейін мен Құрық теңіз портына бардым. Онда тіршілік қайнап жатыр, порттың даму перспективалары зор. Географиялық орналасуының арқасында логистика – Маңғыстаудың болашағы. Міндет – жүктерді ауыстырып тиеу бойынша ірі халықаралық хабқа айналу», — деді ол.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін толғандыратын сұрақтарды қойды. Осылайша, шетелдік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен баға бәсекелестігі ең өзекті мәселе болып отыр.

«Маусымда бізге Ираннан қияр белсенді түрде әкелініп, олар жергілікті өнімдерден екі есе арзан сатылады. Мысалы, ирандық қиярдың бір келісі 500 теңгеден сатылады, ал жергілікті қияр 1 000 теңгеден тұрады. Иранда құнның жартысын мемлекет субсидиялайды, бізде ондай шара қарастырылмаған. Бұл тұрғындарға қиярды арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Дегенмен жергілікті қияр экологиялық тұрғыдан айтарлықтай таза, өйткені тасымалдау кезінде балғындықты сақтау үшін әртүрлі тыңайтқыштармен өңделмейді», — деді «Доктор Агро» ЖШС директоры Байрам Казым. 

Мұнайлы ауданының тұрғыны Алмагүл Қарасаева көкөністердің бірнеше түрі өсірілетін жылыжай туралы айтып берді. Биыл лаванда алқабын құруды жоспарлап отыр. Кәсіпкердің пікірінше, бұл туристерді тартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады. Алайда бүгіндк жылыжайда да жұмыс қолдары жетіспейді.

«Біздің аймақта жұмыссыздар көп, бірақ барлығы мұнай компанияларында жұмыс істегісі келеді. Біз жұмысқа тұрғызу орталығына жылыжайда бос орындар бар екені туралы хабарлама жібереміз, бірақ ешкім ауыл шаруашылығы құрылымында жұмыс істегісі келмейді», — дейді Алмагүл Қарасаева.

Өз кезегінде Серік Жұманғарин фермерлік жылыжай иелеріне субсидия алу мүмкіндігі туралы айтып берді. Ол үшін жылыжай шаруашылықтарын ұлттық стандартқа сәйкес келтіру қажет. Бұған фермерлерге Техникалық реттеу және метрология комитеті көмектеседі. Сондай-ақ өңірдегі жылыжай шаруашылықтарын дамыту перспективасын ескере отырып, вице-премьер Түркістан облысының мысалында салалық қауымдастық құруды ұсынды.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар сұранысқа ие және өзекті кәсіптер бойынша кадрлар даярлауға белсенді түрде гранттар бөліп жатқанын атап өтті. Алайда көптеген жас ауыл шаруашылығында ұсынылатын перспективаларды елемей, мұнай саласында жұмыс істегенді жөн көреді.

«Маңғыстаудың көптеген жас тұрғыны жергілікті оқу орындарында мұнай өнеркәсібі саласы бойынша білім алып, басқа өңірлерде білім алу мүмкіндігін және басқа да сұранысқа ие мамандықтарды таңдауды елемейді. Дегенмен әлі күнге дейін тиісті деңгейде дамымаған салалар бар, оған ауыл шаруашылығы да жатады. Біз бұл саланы дамыту үшін біліктілігі жоғары мамандар мен инновациялық шешімдер қажет екенін түсінеміз, әсіресе импортқа жоғары тәуелділікке байланысты азық-түлік бағасының өсуін ескеркенде. Сондықтан ауыл шаруашылығын, атап айтқанда, агроөнеркәсіп секторын белсенді түрде дамыту және осы бағытта кадрлар даярлау маңызды», — деді Нұрлан Ноғаев.

Сол күні Ақтауда «Адай жылқысы» жобасының тұсаукесері өтті. Еске сала кетейік, 2023 жылы Адай тұқымының жылқысы жаңа ұлттық бренд ретінде патенттелген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді