Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" компаниясының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

Фото: Telegram/qazavtojol

2024 жылдың 10 ақпанында республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тас жолында "ҚазАвтоЖол" компаниясының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін, 13 ақпанда "ҚазАвтоЖол" Telegram-арнасынан белгілі болды.

"2024 жылдың 10 ақпанында сағат 14:00 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 1285-ші шақырымында жантүршігерлік оқиға орын алды. Оқиға салдарынан (тұрған көлікпен соқтығыс) Қызылорда ҚБ бас маманы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалы Сыдықов Сақтапберген Бақытжанұлы өзінің тікелей міндетін атқару кезінде қайтыс болды."."ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы Сазды ауылы учаскесінде қозғалыс қайта жанданғаннан кейін Toyota Alphard көлігі компания қызметкері тұрған жерде тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан қайғылы оқиға орын алды.

"Соқтығыс салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда алты жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде көрсетті. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жұбайы қалды"."ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ұлттық компания марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетіледі деп сендірді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және барлық қажетті материалдық қолдау көрсетеді", - деп түйіндеді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

2024 жылдың 12 ақпанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды үндеу жасады. Ол қолайсыз ауа-райында адамдарды құтқарған қазақстандықтарға алғысын білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады