Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейдегі сауда орталығында болған өрт: Роман Скляр оның салдарын жою үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды

Семейдегі сауда орталығында болған өрт: Роман Скляр оның салдарын жою үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда орталығында («Корпорация Ақшың» ЖШС) болған өрттің салдарын жою мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қабылданған шаралар туралы Абай облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары баяндама жасады.

Кеңес барысында 6 ақпандағы сағат 20:55-тегі жағдай бойынша өрт ауыздықталғаны айтылды, оның алаңы 6,9 мың шаршы метрді құраған – ғимараттың 87,5%-ы. Оқиға орны қоршалып, күндізгі және түнгі патрульдер ұйымдастырылды.

Абай облысы ТЖД полиция және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері тергеуді бастады.

Роман Скляр өрт себептерін және келтірілген залалдың көлемін анықтауды, сондай-ақ өрттің салдарын жою бойынша қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.

Бұл жағдай – Үкіметтің тұрақты бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді