Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент пен Павлодарда жас бопсалаушылар ұсталды

Шымкент пен Павлодарда жас бопсалаушылар ұсталды
Фото: polisia.kz

ІІМ Шымкент және Павлодар қалаларында жас бопсалаушыларды ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция ведомствосында жастар арасында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында криминалитет және “ұры” идеологиясы ықпалына жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар қабылданып жатыр.

23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды.

Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әшкерелеу орбитасында 18 жастан 23 жасқа дейінгі аралықтағы бес жас жергілікті тұрғыннан құралған топ болды.

– Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген, содан кейін ақша және тауарларын алған. Оларға бопсалау, тонау және алаяқтық қылмыстары бойынша айып тағылды. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Осыған ұқсас ұстаулар Шымкент қаласында жүргізіліп, онда 24 жасқа дейінгі алты адамнан тұратын жастар тобының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.

– Фигуранттар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өздерінің құрбандарын қорқыту, ұрып-соғу және бас бостандығынан заңсыз айыру арқылы ірі көлемдегі қаражат бопсалаған. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Қуандық Алпыс.

Көрсетілген фактілер бойынша Шымкент қаласы және Павлодар облысы полиция департаменттерінің тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Ұсталған адамдарға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.<!--more-->


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді