Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда полиция өзге облыстан келіп, есірткі сатпақ болған күдіктіні құрықтады

Қарағандыда полиция өзге облыстан келіп, есірткі сатпақ болған күдіктіні құрықтады
Фото: polisia.kz

Қарағандылық полицейлер өзге облыстан қала орталығына келіп, есірткі сатпақ болған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала орталығынан аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен 25 жастағы талдықорғандық азаматты ұстады. Ұсталған азаматқа жүргізілген тінту жұмыстары барысында одан ұнтақ тәрізді 30 орам зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың жалпы салмағы 22 грамм синтетикалық психотроптық зат екені белгілі болды.

Жауап алу барысында күдікті Алматы облысының аумағында есірткі және психотроптық заттарды сатумен айналысқанын мойындады. Сондай-ақ оның қаңтар айының басында Қарағанды қаласына есірткіні жасыру арқылы таратуға келгені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты