Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО әкімі Петропавлдағы кәсіпорындарды аралап, балабақшаның құрылысын тексерді

СҚО әкімі Петропавлдағы кәсіпорындарды аралап, балабақшаның құрылысын тексерді
Фото: СҚО әкімдігі

Облыс орталығында балабақшаларды салу қажеттілігі туындап отыр. Соңғы рет мектепке дейінгі мекеме 2017 жылы ашылған еді. Қазір бұл бағытта 2 жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі СҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

 

«Береке» шағын ауданында 140 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды.

Бүгін қаланы аралау барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс барысымен танысты. Жаңа нысанда шағын аудан балаларына қолайлы жағдайлар жасалмақ. 280 орындық тағы бір балабақша «Жас өркен» шағын ауданында салынады. Бұл балалардың 95 пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Сұлтан ЭММК» АҚ, нан-тоқаш комбинаты және «Дез» серіктестігінде болды. Бұл кәсіпорындар макарон, нан өнімдері және ұн шығару арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оған қоса, Ғауез Нұрмұхамбетов «IMZ-Kazakhstan» серіктестігінің мотоцикл құрастыру жұмысымен танысып, көтерме сауда орталығы және көкөніс сақтау қоймасына барды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді