Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады

Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады
Фото: polisia.kz

Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ислам Сүлейменовтің оқиғасын ерекше мереке қарсаңындағы нағыз ғажайып деп атауға болады. 14 жастағы Ислам – Шымкенттегі №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандайды. Форма киген патрульдік көліктегі адамдардың жұмысын қызыға бақылайды екен.

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің арманын жүзеге асыруды ұйғарып, полиция департаментіне шақырды. Мұнда Исламға полиция басқармасының “жүрегі” – жедел басқару орталығы көрсетілді. Ол үлкен залдың қабырғасын алып жатқан экрандар арқылы мегаполис өмірін тамашалау кезінде түрлі эмоцияға бөленді.

ЖБО-ға барғаннан кейін мектеп оқушысы патрульдік полиция полкінің қызметтік көлігінің жүргізуші орындығына отырып, көлік ішіндегі құрал-жабдықтармен танысып, нағыз рация арқылы байланысқа шықты.

Осыдан соң Ислам қаланың бас полицейімен кездесті. Думан Таев оны жылы қабылдап, болашақ офицермен кездескеніне қуанышты екенін білдірді. 8-сынып оқушысы құқық қорғау мамандығын таңдайтынын, өйткені ол әрқашан адамдарды қорғап, оларға көмектесуді қалайтынын айтты. Думан Таев жеткіншекке өз фуражкасы мен қолсағатты сыйға тартып, алға қойған барлық арман-мақсаттарына жетуін, болашағы жарқын болуын тіледі.

Айта кетейік, №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері төрт жылдан астам уақыттан бері Шымкент қаласы ПД қызметкерлерінің қамқорлығында. Ал осы мекеменің үш түлегі бүгінде ҚР ІІМ Қарағанды академиясының курсанты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты