Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Гипноздап тастаған”: шымкенттік қариялар алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойды

“Гипноздап тастаған”: шымкенттік қариялар алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойды
Фото: pixabay.com

Шымкенттік қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтықтың құрбандары 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Екі жағдайда да белгісіз әйел үйді сатып алу үшін, көруге келген. Әңгімелесу барысында жалған сатып алушы әжелерге отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген. Тазарту рәсімін өткізу үшін ол алтын мен “қараңғы бөлмедегі қаралы күнге жинаған ақшаны” сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге.

Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласып, болған жайды жеткізді.

Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті гипнозды қолданған, өйткені олардың өздері мұндай алаяқтыққа қалай түскенін түсінбейді.

Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұған жедел басқару орталығының камералары көмектесті.

Ұсталған азаматша мегаполисте алаяқтық жасауға бел буған Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап алған.

Шымкент полицейлері алаяқтардың мұндай айласына түсіп қалмас үшін тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеуге, бағалы заттарына абай болуға кеңес береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады