Бс, 10 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қалалық мәслихатында қаланың даму стратегиясын айқындайтын маңызды шешімдер қаралды

Шымкент қалалық мәслихатында қаланың даму стратегиясын айқындайтын маңызды шешімдер қаралды
Фото: "Шымкент келбеті" газеті

Шымкентте мәслихаттың он бірінші сессиясы өтті. Отырыстың күн тәртібінде қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы қаралып, 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. Үш бағыт, 17 мақсат, 104 индикатор қамтылған Даму жоспарындағы осыған дейін 41 индикаторға қол жеткізілді.

«Аймақ экономикасының өсімі» бағытында жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 880 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы көлемін 48,7 млрд теңгеге, инвестицияны 722 млрд теңгеге, экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін 10%-ға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ ауыз сумен қамту 99%-ға, жақсы және қанағанаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2%-ға жеткізіледі, жыл соңына дейін 1 073 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Биыл қалада үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілді, ал емханалардың жүктемесі 23%-ға дейін төмендейді. Қаланың 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісті заңнамаларға сәйкес қалыптастырылды. Жалпы, келесі жылғы бюджет көлемі 654 млрд теңгені құрайды. Өзіндік кірістер жоспары 63 млрд теңгеге артып отыр. Бұл қаланың қаржылық дербестігін 53 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жалпы бюджеттің 368 млрд теңгесі, яғни 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталуда.
«Бүгінгі сессияда қаланың даму бағыттарын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданды. 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті бекіттік. Оның әрбір тиыны тұрғындардың игілігіне бағытталып отыр. Халықтың жағдайын жақсарту жолындағы еңбектеріңізге алғысымды білдіремін», – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Басым бағыттарға тоқталсақ, жол саласына бөлінген қаржы көлемі едәуір ұлғайды. Қаладағы топырақ жолдар мәселесін шешу, көлік кептелістерін азайту мақсатында бағдаршамдарды заманауи интеллектуалды жүйеге қосу жоспарлануда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1 500 бейнебақылау камерасы орнатылып, мыңнан аса көше жарықтандырылады. Үшінші мегаполисті «Жасыл қалаға» айналдыру мақсатында суару жүйелері ретке келтіріліп, негізгі көшелер абаттандырылады. Мұның барлығы қаланың болашақ келбетін жақсы жаққа өзгертуге үлкен септігін тигізетін маңызды қадамдар.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты